Екпе жұмыстары арқасында соңғы 10 жыл ішінде көптеген аурулардың тарауы төмендеп, кейбірі жойылды - М. Омарова

АЛМАТЫ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған егу жұмыстары көптеген аурудың төмендеуіне, кейбірінің жойылуына әкелді.
None
None

Бұл жайында бүгін Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемология ғылыми орталығының директоры Мария Омарова Алматыда аранйы өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның сөзіне қарағанда, үлкен мәселеге айналып отырған мұндай егу жұмыстарына жыл сайын 4 миллиардқа жуық теңге бөлінеді екен. «Біздің жұртшылық, соның ішінде балалар егуді тегін алады. Соның арқасында 10 жыл ішінде көптеген аурулардың тарауы төмендеп, кейбірі жойылды. Мәселен, В вирусты гепатитпен сырқаттану деңгейі тұрғындар арасында 4 есеге төмендесе, осы инфекцияға қарсы екпе салдырған балалар арасында 52 есеге, қызылшамен сырқаттану 72 есеге, сүзек 3,6, эпидемиялық паротит 13 есеге азайған. Ал 2002 жылы екінші екпені енгізуге байланысты паротитпен сырқаттану 37 есеге кеміген», -дейді ол. Сонымен қатар 1995 жылдан бастап елімізде бұрын өмір бойы мүгедек болуды туындататын полимелит Қазақстанда жойылғандығын жеткізді.

Сонымен қатар ол уақыт өткен сайын вакциналардың жаңа түрлері шығып жатқандығын айтады. «Ғалымдар балалар арасында өкпе ауруын қалай төмендету керектігін қолға алып, пневмококқа қарсы вакцина шығарып, оны іске асыруда. Осы тұста халыққа дұрыс мағлұмат беру керек», -дейді М. Омарова.

Соңғы жаңалықтар