«Екпінді-Шаян-Шолаққорған» автожолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - «Екпінді-Шаян-Шолаққорған» автожолының 4-ші шақырымында «КрАЗ» және «Фольксваген» көліктерінің соқтығысып қалуы салдарынан 2 адам қаза тапты,

«Екпінді-Шаян-Шолаққорған» автожолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен жексенбі күні кешке Оңтүстік Қазақстан облысында орын алды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.