Екпінді жел, қар, жаңбыр: 27 қазан күнгі ауа рай болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екпінді жел, қар, жаңбыр: 27 қазан күнгі ауа рай болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с артады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, 15-20 м/с екпіндегі желдің күші күндіз 23-28 м/с артады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің екпіні 25 м/с артады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.