Экс-депутат ескі үйді өнер туындысына айналдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Экс-депутат Мұхтар Тінікеев Хрущев заманында салынған ескі үйді өнер туындысына айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экс-депутат ескі үйді өнер туындысына айналдырды

Ол бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

«Менің арманым орындалды. Мынау сарқырама, тау.  Көп адам бұл қай жерде деп сұрап жатады. Пришахтинск қаласы, 21-шағын аудан. Осы үйде анам тұрады», - деді экс-депутат.

Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде әрленген үйдің жанында анасымен түскен суретін жариялады.

Осыдан бір ай бұрын М.Тінікеев әлеуметтік желі арқылы Қарағанды қаласына кірер жолдағы Пришахтинск қалашығындағы 5 қабатты ескі үйдің сыртына граффити жасауға байқау жариялаған болатын.

Экс-депутат суретшінің жұмысына 450 мың теңгеге дейін төлеуге бар екендігін айтқан болатын.