15:56, 04 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Экс-депутат ескі үйді өнер туындысына айналдырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Экс-депутат Мұхтар Тінікеев Хрущев заманында салынған ескі үйді өнер туындысына айналдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бұл туралы Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.
«Менің арманым орындалды. Мынау сарқырама, тау. Көп адам бұл қай жерде деп сұрап жатады. Пришахтинск қаласы, 21-шағын аудан. Осы үйде анам тұрады», - деді экс-депутат.
Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде әрленген үйдің жанында анасымен түскен суретін жариялады.
Осыдан бір ай бұрын М.Тінікеев әлеуметтік желі арқылы Қарағанды қаласына кірер жолдағы Пришахтинск қалашығындағы 5 қабатты ескі үйдің сыртына граффити жасауға байқау жариялаған болатын.
Экс-депутат суретшінің жұмысына 450 мың теңгеге дейін төлеуге бар екендігін айтқан болатын.