Экс депутат Мұхтар Тінікеев ескі үйді өнер туындысына айналдырмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Экс депутат Мұхтар Тінікеев Хрущев заманында салынған ескі үйді өнер туындысына айналдырмақ. Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.

Экс депутат Мұхтар Тінікеев ескі үйді өнер туындысына айналдырмақ

Осыдан 20 күн бұрын экс-депутат Қарағанды қаласына кірер жолдағы Пришахтинск қалашығындағы 5 қабатты ескі үйдің сыртына граффити жасауға байқау жариялаған болатын.

Бүгін Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желіде әрленген үйдің жанында анасымен түскен суретін жариялады. Оның айтуынша, әрлеу жұмыстары 1 аптада бітеді.

Суретшілердің еңбекақысын экс шенеунік өз қалтасынан төлеген.

«Тұрғындар мен ПИК, сәулет басқармасының рұқсаты алынды. Менің арманым орындалып келеді. Көршілерім тау өзенінің қасында суретке түсу - 50 теңге болады деп қалжыңдап жатыр», - деді экс-депутат жазбасында.