Экс-мәжілісмен Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Пара алды деген күдікпен Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Иә, оның (Нұржан Әлтаев – автор түсіндірмесі) аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, бұл оқиғаға қатысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Нұржан Әлтаев сол кездегі «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылып, оның депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын.

Кейін ол Президент сайлауына қатысуға ниет білдірді. Дегенмен оны ұсынған «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтің сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп, сотқа жүгінді. Осыдан кейін ол сайлауға қатысуға жіберілмеді.


Соңғы жаңалықтар