Экс-президент Н. Манделаны тексеруден өткізуге ұшып шыққан дәрігерлер тобы апатқа ұшырады

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нельсон Манделаның дәрігерлері мінген әскери ұшақ Оңтүстік Африка Республикасында апатқа ұшырады, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, апат салдарынан 11 адам көз жұмды.

Журналистердің берген мәліметтеріне қарағанда, ұшақтың бортында елдің бұрынғы президенті Нельсон Манделаның дәрігерлер тобы болды. Олар 94 жастағы саясаткерді жоспарлы тексеруден өткізу үшін ұшып бара жатқан. Әуе кемесі Претория жанындағы әскери базадан ұшып шығып, елдің шығысындағы Айдаһар тауының аумағында апатқа ұшырады. Оқиға туралы өзге мәліметтер хабарланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар