Экс-судья Жолманованың ісі сотқа жолданды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Экс-судья Жолманованың ісі сотқа жолданды
Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Тергеудің мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың 1 миллиард теңгеден астам қаражатты қолды қылған.

— Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іске біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады Бас прокуратурасынан.

Еске салайық, былтыр экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы жазғанбыз.

Алғаш рет алматылық судья 2021 жылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады
Ұқсас жаңалықтар

Меланшон 2027 жылы Франциядағы президенттік сайлауға қатысатынын растады