ЭКСКЛЮЗИВ: Джиддадан Меккеге баратын жол және Қағбаны алғаш көру. Төртінші бөлім (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА-нің фоторедакторы Дәурен Мұхамеджанов Меккеге кіші қажылыққа барып қайтқан еді. Қажылық сапары туралы ол өзінің фоторепортажының бірінші бөлімінде (Астана-Әбу-Даби-Джидда жолы туралы) баяндап берген болатын. Екінші бөлімінде Джиддадан Меккеге дейінгі жол суреттелген. Үшіншісінде - әлемнің ең үлкен мешітіне барғанын және Қағбаны тәуәб еткені айтылған болатын.

ЭКСКЛЮЗИВ: Джиддадан Меккеге баратын жол және Қағбаны алғаш көру. Төртінші бөлім (ФОТО)

"Бүгінде Сафа мен Маруаның қашықтығы 450 метр. Ол - Әл-Харамның бөлігі болып табылмайтын өз алдына үлкен жабық кешен", - дейді Дәурен Мұхамеджанов.

Қандай да бір дертке шалдыққан қажы жаяу бастап, кейіннен қатты шаршап, я ауырғанын білсе, оған жораны арбаға отырып жасауға рұқсат беріледі. Бұл адамдарға жораны бір-бірін баспай, екі таудық арасында жүріп жасауға мүмкіндік беріп отыр.

Зәмзәм суы - Рақымды Құдайдың Мекке халқы үшін берген үлкен ерекше нығметі. 40 градус аптап ыстықта салқын судан тәтті ештеңе табылмайды. Адам тамақсыз орташа есеппен 2 апта өмір сүре алса, сусыз небәрі 2-3 күн ғана тіршілік ете алады. Сондықтан Зәмзәм Мекке картасындағы стратегиялық ең маңызды нүктесі болған және болып қала бермек.