ЭКСКЛЮЗИВТІ ФОТОРЕПОРТАЖ - Әз-Наурыз Қазақ жерінде!

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке - Наурыз! Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін қазақ - жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеген.

ЭКСКЛЮЗИВТІ ФОТОРЕПОРТАЖ -  Әз-Наурыз Қазақ жерінде!

Наурыз - табиғат атаулының тiрiлiп, өмiрге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Сонымен қоса, ерте кезден-ақ бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанның басын қосып бауырластыққа, татулыққа шақыратын ерекше сипатқа ие болып табылады.

Түптеп келгенде, дін мен тілге, ұлт пен ұлысқа бөлмейтін, барша қауымды татулыққа тартып, ұлыстарды ұйысуға шақыратын Наурыз мейрамының және бір ерекшелігі - бұл күні жақсы тілек тілеу, араз ағайынмен жарасу, табысу секілді адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, осының өзі адам баласын жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды.

Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы елімізде 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн бойы тойланып келеді. Бұл орайда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болғандығын айта кетсек артықтық етпес.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық өңірінде кең көлемде аталып өтуде.
null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null
null null null null null null null null null null null