«Эксперт Қазақстан РА» агенттігі «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ рейтингін «А++» деңгейіне көтерді

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат -  «Эксперт Қазақстан РА» рейтинг агенттігі «Қазақстан Халық Банкі Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның сенімділік рейтингін 1 қаңтар 2012 жылғы мониторинг шеңберінде «А++» (сенімділік деңгейінің ең жоғары рейтингі) деңгейіне
None
None

 көтерді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жинақтаушы зейнетақы қорының рейтингіне оң әсер еткен факторлардың арасында өзіндік капиталы жеткіліктілігінің жоғары көрсеткіштері (01.01.2012 жылғы көрсеткіш бойынша 0,08), қордың орнықты нарықтық ұстанымы (нарықтағы үлесі - 33,1 пайыз), инвестициялық портфель тәуекелінің төменгі деңгейі аталып өтіледі. Бұдан бөлек, ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтары аударылымының оң сальдосы (2011 жылы аударым сальдосы 41,3 млрд. теңге), инвестициялық портфель өтемпаздық деңгейінің жоғарылығы да рейтингке әсер еткен.

Сонымен қатар, сарапшылар пікірінше, рейтингтік бағалау деңгейінің шектелуіне валюталық тәуекелдің жоғары деңгейі, сондай-ақ 2011 жылдың екінші жартысындағы таза инвестициялық табыс қорының төмендеуі әсер еткен. Бұдан бөлек, теріс комиссиялық сыйақы бойынша кредиторлық борыш түріндегі міндеттемелердің пайда болуы да рейтингтік бағалауға кері әсер етіп отыр. «Жалпы алғанда инвестициялық табыстың қысқаруынан туындайтын қордың қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауын болжаймыз, алайда ЖЗҚ-ның жоғары қаржыландырылуы ағымдағы деңгейдің сақталуына мүмкіндік береді. Бірақ инвестициялық қызмет көрсеткіштерінің одан әрі нашарлаған жағдайында қордың рейтингі төмендетуге қарай қайта қаралуы мүмкін», - дейді «Эксперт Қазақстан РА» бас директорының орынбасары  Арман Жахин.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ зейнетақы қызметі нарығында 1998 жылдың қаңтарынан қызмет етеді, оның филиалы барлық облыстарда бар. Қаржылық қадағалау комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 1 қаңтар 2012 жылғы жағдай бойынша қордың зейнетақылық жинақтары 877,5 млрд теңгені, зейнетақы салымдары - 665,3 млрд теңгені, «таза» инвестициялық табыс сомасы - 178,0 млрд теңге, өзіндік капитал мөлшері - 27,3 млрд теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар