ЭКСПО-2017 мұрасы Қытайда таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қытайдың  Шанхай қор биржасының ең ірі сауда алаңында өткен инвестор күніне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЭКСПО-2017 мұрасы Қытайда таныстырылды

Ұлттық компания ұсынған бренд аймағында әлемдегі ең ірі компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мұрасымен қоса «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен, сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бірқатар ауқымды жобалармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Басты мақсат - көрме нысандарын шет елде ілгерілету бойынша жүйелік жұмысын жалғастыру.