09:28, 02 Қыркүйек 2015 | GMT +5
«ЭКСПО-2017» ҰК АҚ-ның құрылыс бойынша бұрынғы басқарушы директорын қамау мерзімі 17 қазанға дейін ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігінің «б» тармағында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпталған Суламбек Баркинхоевке қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін ұзартуға байланысты тергеушінің өтінішін қанағаттандырды.

Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 4 айға дейін, яғни 2015 жылдың 17 қазанына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.