ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесі Жапонияның Осака қаласында өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Осака қаласы ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесін өткізу құқына ие болды. Ол дауыс берудің екінші турында Екатеринбург қаласын артқа тастады, деп хабарлады Халықаралық көрмелер бюросы.

Парижде дауыс беруді өткізген бұл ұйымның твиттерінде Осака қаласының екінші турда 92 дауыс алғаны (Екатеринбург - 61), сондай-ақ жеңіс үшін дауысты көбірек жинау жеткілікті екендігі атап өтілген.

Ал бірінші турдың қорытындысы бойынша үшінші үміткер - Баку бәсекеден тыс қалды.

ЭКСПО-2025 Осакада 2025 жылдың 3 мамыры мен 3 қарашасы аралығында өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар