ЭКСПО-да 1 мың көлікке арналған жерасты тұрақ жұмыс істейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 аумағында 1 000 орынға арналған жерасты автотұрағы жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.
Жерасты көлік тұрағы тәулік бойы жұмыс істейді. Тұраққа Т.Рысқұлов көшесі жағынан (оңтүстік кіру тобы) кіріп, шығуға болады. ЭКСПО автотұрағын алғашқы 3 сағатта тегін пайдалануға болады, ал кейінгі әр сағаты үшін 100 теңгеден.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 аумағында орналасқан жерасты автотұрағы 2017 жылы 10 қарашадан бастап іске қосылды. Екі ай ішінде ЭКСПО автотұрағы 18 мыңға жуық көлікке қызмет көрсеткен.