ЭКСПО қонақтары шұғыл операцияларды қажет еткен жағдайлар болды - Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО кезінде 1,5 мың жуық шетелдік Астананың медициналық ұйымдарында емделді. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өтіп жатқан мәжілісте елорда әкімі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ЭКСПО қонақтары шұғыл операцияларды қажет еткен жағдайлар болды - Исекешев

«Өткен жылы «ЭКСПО-2017» көрмесін медициналық қамтамасыз ету кезінде елорданың денсаулық сақтау жүйесі нақты сынақтан өтті. Оны өткізу барысында көрмеге келген 8 мыңнан астам қонаққа қызмет көрсетілді, оның ішінде 64 елден осында сапарлаған 1 400 шетелдік бар», - деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, көрмеге келген қонақтар шұғыл түрде күрделі операцияларды қажет еткен жағдайлар болған.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, бүгінде медициналық туризм серпінді дамуда. 

«Астана ішкі медициналық туризм бойынша тартымды болып отыр. Осы орайда, елорда стационарында емделген әрбір үшінші адам басқа өңірдің тұрғыны болып отыр. 2017 жылы 271 162 адам емделсе, оның  82 289-ы еліміздің өзге өңірлерінен келді», - деп нақтылады Исекешев.