ЭКСПО «Қытай-Еуразия» көрмесінде қазақстандық өнімдер қалбырдағы тағамдар, кәмпиттер және майлық қағаздар түрінде қойылды
ҮРІМШІ. 6 қыркүйек. Қазақпарат - ЭКСПО «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінде қазақстандық кәсіпорындар қалбырдағы тағамдар, кәмпиттер және майлық қағаздар қойды.
«Рахат» АҚ шығаратын белгілі қазақстандық брендтерден басқа, ЭКСПО «Қытай-Еуразия» үшінші көрмесіне Орал және Павлодардан келген жеке кәсіпорындар да өз өнімдерін ұсынды.
Оралдық «Кублей» компаниясының өкілі Әсел Исалиева, өздерінің 100-ден аса өнім түрлерін шығаратындығын, негізінен олар ет және қалбырдағы балық екендігін айтты. «Осы көрмеге біз бірінші рет келіп отырмыз, әріптестер тауып Қытай нарығына шықпақ ойымыз бар. Келушілер біздің өнімдерімізге қызығушылық білдіріп, дәмін татып көрді, оларға ұнады деген ойдамыз», - деп атап өтті менеджер.
«Kazakhstan Project» компаниясының директоры павлодарлық Қуаныш Қабиденов, оның кәсіпорны тазалық қағаздарын өндірумен айналысатындығын айтты. Оның сөзі бойынша бағалары өте тиімді, сондықтан да Қытай нарығына, әсіресе, Шыңжанға шығу жоспарлары бар.
«Рахат» АҚ директорының маркетинг жөніндегі орынбасары Әлібек Тәжібаев, біздің компания осымен үшінші рет осы көрмеге қатысып отыр, ал жергілікті халықтың «Рахат» АҚ өнімдеріне қызығушығы зор, деп атап өтті.
«Біздің алдымызда тұрған ең басты мәселе, Қытай нарығында толық қанды дистрибуция жасау. Біз мұнда 10 жылдан аса уақыт жұмыс жасап келеміз, орта есеппен, айына бір вагон тәтті тағамдар сатамыз» - деп хабарлады ол.
Көрмеге жекеменшік қазақстандық компаниялармен бірге, Қазақстанның ірі көлік-логистикалық компаниялары және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» қатысты.
Халықаралық көрмеге Қазақстанмен бірге, 49 елдің кәсіпорындары, 6 халықаралық ұйым және 10 ұлтаралық корпорация қатысып отырғандығын естеріңізге саламыз. Көрменің қорытындысы бойынша, жалпы сомасы 9,24 млрд. доллар болатын келісім-шарттар жасалады деп күтілуде.