Экспортқа бағытталған саланы дамыту - Үкімет жұмысының басымдықты бағыты

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Жан Қожамқұлов/ - Бүгінде баспасөз беттерінде «экспортқа бағытталған салаларды дамыту» деген тіркес жиі айтылып жүр. Экспортқа бағытталған саланы дамыту қазір Үкімет жұмысының басымдықты бағыты болып табылады,

Экспортқа   бағытталған  саланы  дамыту -  Үкімет   жұмысының басымдықты  бағыты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бірінші кезекте, ол бағыт Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, 2015 жылға дейін елдің бәсекеге жоғары қабілеттігі мен әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз етуге көмектесуге негізделген. Қазір Қазақстанда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясының екінші кезеңі (2006-2010 жылдарға арналған), 30 корпоративтік көшбасшысы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда және осы жобаларды жүзеге асырудан біз экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсіпті түрлендіру жөніндегі нақты нәтиже күтудеміз. Бүгінде салынған инвестициялар көлемі 2,5 триллион теңгеден астамды (16,6 миллиард АҚШ доллары) құрайтын және 33 мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын 186 аймақтық жоба мониторингімен қамтылып отыр. 2009 жылы сол жобалардың 107-сі пайдалануға беріліп, 11 292 жұмыс орны ашылмақ. Ағымдағы жылдың І тоқсанында жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында 308 жұмыс орны құрылды. Жылдың соңына дейін қаржыландырудың барлық көзінің есебінен 491,2 миллиард теңге соманың тағы 95 инвестициялық жобасының құрылыстарын аяқтап, 10 984 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Мұнымен қатар инвестициялық жобаларды іздеу және оларды сериялық өндіріске енгізу жөніндегі жұмыстар да атқарылуда. Серпінді жобалардың мультипликативті әсері ұлттық экономикаға шикізаттық бағыттан алыстауға мүмкіндік береді. Елімізге қосымша құны жоғары өнімдер өндіру жөніндегі жаңа алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар тартылады. Экономикадағы өңдеуші саланың үлесі анағұрлым артып, серпінді жобаларды жүзеге асыруда қолданылатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі мемлекет пен бизнестің бұдан былайғы өзара қарым-қатынасының өзегі болады.