«Экспресс-К» газетінің бас директоры Алексей Пан дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Экспресс-К» республикалық басылымының бас директоры 57 жастағы Алексей Пан дүниеден өтті.

«Экспресс-К»  газетінің бас директоры Алексей Пан дүниеден өтті

Ол ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Огни Алатау» газетінің тілшісі қызметін атқарған, «Караван» газетіндегі жарнамалық қызметті, «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығында» қоғаммен байланыс департаментін басқарған.

2008 жылы «Экспресс-К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры қызметіне тағайындалды. Алексей Пан - Қазақстанның құрметті журналисі.