10:12, 22 Шілде 2015 | GMT +5
«Экспресс К» газетінің бас директоры тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық «Экспресс К» газетінің бас директоры болып 2004-2009 жылдар аралығында редакцияны басқарған белгілі журналист Әділхан Нүсіпов тағайындалды, деп хабарланған басылымда.
Еске сала кетейік, 2009 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы наурыз аралығында Алексей Пан басылымның бас директоры болған. Ол 21 наурызда Үндістандағы Гоа курортында қайғылы қазаға ұшырады. «Әділхан Нүсіпов «Ленинская смена» (газеттің бұрынғы атауы) газетіне 1988 жылы келді. Сосын басқа жұмысқа кетіп, 2000 жылы газетке қайта оралды. Газет шолушысы, бас редактордың орынбасары, бас директор - бас редактор болып жұмыс істеді. 2009 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы наурыз аралығында Ә.Нүсіпов Алматыдағы тілшілер желісінің меңгерушісі - бас директордың орынбасары лауазымын атқарды», делінген хабарламада.