Экстремистік «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымына қатыстылық жауапкершілікке соқтырады - Бас прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы 18 тамызда Астана қаласы прокурорының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасындағы тыйым салу жөніндегі шешімі шыққан болатын.

Экстремистік «Ат-такфир уаль-хиджра»  ұйымына қатыстылық  жауапкершілікке соқтырады - Бас прокуратура

Осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар сотпен «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түрік Республикасында және Еуропалық одақта тыйым салынғандығы ескерілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді, осыған орай «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне қандай да бір қатыстылық (қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау және т.б.) заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.