Экстремизм мен лаңкестік бүгінгі күннің қауіпті көрінісі болып тұр - А.Дауылбаев

«Қылмыспен күрес мәселесі барлық мемлекеттер үшін бірдей өзекті. Біздің шындығымыз мынадай: экстремизм мен лаңкестік қазіргі уақыттың ең қауіпті көрінісі болып отыр. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Бұл қауіптердің шекарасы жоқ», - деп атап өтті ол. ҚР Бас прокуроры экстремизм мен лаңкестіктің халықаралық сипатқа ие болғанын және әскери қуаты мен діни сеніміне қарамастан, барлық мемлекеттің алдында тұрған сын-қатер екенін баса атап өтті. «Басқа азаматтар мен қоғамның мүддесіне өзін қарсы қоя отырып, радикалды көңіл-күйдегі тұлғалар ымырасыз әрі адами құндылықтан тыс ұстанымды ұстанып отыр. Қоғамның жаһандануы экстремистер мен лаңкестердің тәсілдерін, қызметін, мақсаттарын өзгертіп жіберді. Сонымен қатар олардың нысандары мен мақсаттары да өзгерді. Ал одан біздің ғаламшардың бейбіт тұрғындары мен балалар зардап шегуде», - деді А.Дауылбаев.