Экстремизм және лаңкестікпен байланысты қылмыстар саны 61,3 пайызға артып отыр - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қазақстанның құқық қорғау органдары экстремизм және лаңкестікпен байланысты 50 қылмыс тіркеді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,3 пайызға артық, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Экстремизм мен лаңкестікке байланысты қылмыстардың негізгі бөлігін әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни жаулықты қоздыру фактілерін құрайды. Өткен кезеңде 15 қылмыстық істі тергеу аяқталды, қылмыстық жауапкершілікке 9 тұлға тартылды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарына қарағанда, 2012-2014 жылдары ішінде жүргізілген сот-тергеу тәжірибесі алдын алу жұмыстарының нәтижесінде радикалды діни ағымды жақтаушылар өз қателіктерін түсініп, дәстүрлі дінге оралғандығын көрсетті.
«Мәселен, Ақтөбеде ұлттық қауіпсіздік органдары лаңкестік пен діни араздық идеясын насихаттап жүрген радикалды топтың заңға қайшы жолын кесті. Аталған тұлғалармен теологтар жұмыс істеп, бірнеше мәрте жүргізілген жеке әңгімелесу барысында діннің мән-жайы, қарулы жиһад қауіптілігі түсіндірілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде салафилік радикал Н. бұрынғы ұстанымынан бас тартып, дәстүрлі ханафи мазхабына мойынсұнды», - делінген хабарламада.