13:10, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Эквадор президенті күзетінің бастығы А/H1N1 тұмауынан қайтыс болды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Эквадор президенті күзетінің бастығы Рафаэль Корреа А/H1N1 тұмауы вирусынан көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.
Подполковник Джон Мерино (John Merino) бұдан 28 күн бұрын ауруханаға жатқызылған болатын, жексенбі күні қайтыс болды. Мериноның отбасына Президент көңіл айтты.
Тамыздың аяғында Колумбияның президенті Альваро Урибе А/H1N1 тұмауымен ауырған болатын, алайда өткен аптада оның беті бері қарағаны және өміріне ешқандай қауіп жоқ екені туралы хабарлама пайда болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық бюросының жұмадағы деректері бойынша, әлемде А/H1N1 тұмауынан 3,2 мыңнан астам адам көз жұмған, ауырғандардың саны 271 мыңға жуықтаған.