Эквадорда бүлік шығарған полицейлер президентті өлтіруді жоспарлаған

АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Эквадорда бүлік шығарған полицейлер президентті өлтіруді жоспарлаған. Бұл жөнінде күзет қызметінің ішкі байланыспен сөйлескен сөздерінен белгілі болды. Осы әңгіменің жазбасы мемлекеттік ақпарат агенттігінің қолына жетіп отыр, деп жазады Вести. Ру.

Эквадорда бүлік шығарған полицейлер президентті өлтіруді жоспарлаған

Рафаэль Корреаның көшеге шыққаны, наразылық шеруіне шығушылармен сөйлескісі келгені, оған тобыр халықтың лап қойғаны және олардан зорға құтылғанын бейнелейтін кадрлар бүкіл дүние жүзіне тарап кетті. Біреу мемлекет басшысына көзден жас шығаратын газ шашқан. Президент оған қарсы газ қорғанын киіп, ауруханадан бой тасалайтын жер іздеуге мәжбүр болған.