Эквадорда полиция бүлік шығарды: армия президенттің жағында

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Эквадордың елордасы Кито қаласы мен елдің үлкен қалаларының бірі Гуаякиледе бейсенбі күні өткен полицейлердің наразылық акциясы президент пен оның саясатына наразы тәртіп сақшыларының текетіресіне ұласты.
None
None

Полицейлер президенттік сарайынан шығып, наразылық білдірушілерге басу айтпақ болған ел президенті Рафаэй Корреаға шабуыл жасады. Президентке қарай көзден жас шығаратын граната лақтырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Президент, оқиға орнынан қашып бара жатқан кезде, аяғынан жараланып, жақын маңдағы госпитальге жеткізіледі. Бірақ ол госпитальды да ереуілшілер қоршауға алады. Армия өкілдері арнайы операция жүргізіп, президент Корреаны қоршаудан шығарып алды. Арнайы жасақтың жауынгерлері полицейлердің қоршауын бұзып кіріп, мемлекет басшысын сауытты көлікпен қауіпсіз жерге алып кетті. Госпиталь маңында біразға дейін атыс болды. Жоқ дегенде, бір адамның қаза болғаны, тағы сегіз адамның жарақат алғаны хабарланып отыр.

Президент Корреа радиоға берген сұхбатында «оппозицияның мемлекеттік бүлік жасамақ болғанын» мәлім етті. Бірақ ол, «өз міндетін атқаруды жалғастыра беретінін» айтты.

Соңғы жаңалықтар