Эквадорда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 77 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадорда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 77 адамға дейін ұлғайды, деп жазады ТАСС. Осыған дейін Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап, 41 адамның көз жұмғанын хабарлаған болатын.
Табиғи апат салдарынан 600-ге жуық адам зардап шеккен.
Осыған дейін Эквадорда 7,8 магнитудалы жер сілкінісі болғаны жайлы хабарланған болатын.
Салдарынан Гуаякиль қаласының портында жол өтпесі сауда орталығының шатыры мен автомобиль үстіне құлады. Сонымен қатар қала әуежайы жабылды.