Эквадорда зілзала құрбандарының саны 480-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадордағы жойқын жер сілкінісіне кейін 1700 адам із-түзсіз кетті. Ал құрбан болғандар саны 480-ге жетті, деп хабарлайды ел үкіметі.

Эквадорда зілзала құрбандарының саны 480-ге жетті

«Бізде жоғалғандар тізімінде 2 мың адам болған. Қазір олардың үш жүзінің қайда екені анықталды», - деп хабарлады елдің ІІМ басшысының орынбасары Диего Фуэнтес.

Зілзаладан зардап шеккендер саны 2,5 мың адамнан асып кетті. Қызыл крест ұйымының мәліметінде Эквадордың 100 мыңнан астам тұрғыны көмекке зәру екендігі көрсетілген.

Еске сала кетсек, сенбі күні кешке қарай Эквадордың жағалауында тербелісі 7,8 жойқын жер сілкінісі тіркелді. АҚШ-тың геологиялық қызметінің дерегіне сенсек, жер сілкінісі ошағы жағадағы Муисн қаласынан 27 шақырым жерде 19 шақырым тереңдікте орын алған.

Апат салдарынан ғимараттар қирап, жолдар бүлінген. Қала басшысы Педерналестің айтуынша зілзала ошағына жақын тұстағы ғимараттар толығымен қираған.

Президент Рафаэль Корреа Италияға ресми сапарын кейінге қалдырды, ол апатты соңғы 70 жылдағы ең қайғылы оқиға деп мәлімдеді.

Фото: ©Alfredo Lagla/Global Look Press