20:41, 10 Қаңтар 2024 | GMT +5
Бүлік болып жатқан Эквадорда қанша ҚР азаматы бар
Эквадордағы бүлік кезінде бұл елдегі қазақстандықтар жапа шекен жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
"Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 ҚР азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар.
Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ" делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Эквадорда мемлекеттік қарулы күштер мен есірткі картелінің содырлары қақтығысып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.