Эквадордағы көлік апаты: 6 адам қаза тауып, 14-і жарақаттанған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эквадордағы Котопакси провинциясында болған жол апатынан алты адам мерт болды, 14 адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат El Comercio газетіне сілтеме жасап.
Әзірге белгісіз себептермен автобус тереңдігі 120 м шыңырауға құлаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізді. Полиция жол апатының мән-жайын тексеруде.