Эквадордағы жер сілкінісі: 233 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор жағалауында болған магнитудасы 7,8 қуатты жер сілкінісінің салдарынан кем дегенде 233 адам қаза тапты, деп мәлімдеді елдің президенті Рафаэль Корреа. Апатқа ұшыраған ауданға көмекке 10 мың әскери қызметкер мен 3500 полицей жіберілді.

Эквадордағы  жер сілкінісі: 233 адам ажал құшты

АҚШ-тың геологиялық қызметінің деректері бойынша, зілзаланың кіндігі жағалаудағы Муисне қаласының оңтүстік-батысқа қарай 27 шақырым жерде болған, ошағы 19 шақырым тереңдікте орналасқан.

Көптеген үйлердің қирағандығы туралы хабарлар түсуде. Эквадордың алты провинциясында төтенше жағдай жарияланды.