Эквадордағы жер сілкінісінің құрбандары 646 адамға дейін ұлғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эквадор президенті Рафаэль Корреа тербелісі 7,8 балл болған жойқын жер сілкінісінің құрбандары саны 646 адамға дейін өскенін хабарлады, деп жазады Gazeta.ru.
Тағы 130 адам із-түссіз жоғалғандар қатарында. Президент сондай-ақ 12,5 мың адам жарақаттанғанын айтты.
Шұғыл қызметтердің мәліметтері бойынша, зілзала салдарынан 7 мыңға жуық ғимарат қираған, 2,7 мыңы бүлінген. Ел аумағы бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.