ЕҚЫҰ алдында тұрған маңызды тапсырма 2010 жылы ұйымның Саммитін өткізу болып табылады
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев кеше, қаңтардың 14-і күні ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің 789-ыншы отырысында сөз сөйлеген еді. ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметі таратқан осы баяндаманың толық мәтінін ұсынады.
Жоғары мәртебелі ханымдар мен мырзалар,
Осыдан екі жыл бұрын осы жерде, Тұрақты кеңес алдында сөз сөйлеген кезде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер 2007 жылы қарашаның 30-ында Мадридте Ұйымдағы 2010 жылғы Қазақстан төрағалығы туралы әділ шешім қабылдайды деген үміт білдірген едім. Құдайға шүкір, үмітіміз ақталды. Соның нәтижесінде құрметті әріптестер, сіздердің алдарыңызда ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлеу мәртебесіне ие болып отырмын.
Мадрид шешімі Қазақстан мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық қуатты, қарқынды дамудағы демократиялық мемлекет құрудағы аз ғана уақыт ішінде өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесін халықаралық қауымдастықтың мойындауы ғана емес, сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның өзінің Венадан Батыс пен Шығысқа қарай елдердің жақындасуына ұмтылуын, қазіргі заман шындықтарына бейімделу мақсатында нығаюы мен жаңаруына ынтасын көрсетті. Нақ осы тұрғыда жаңа ғана көрсетілген Президент Жолдауында Ұйым алдында тұрған негізгі қауіп-қатерлер, олардың шешімдері және ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының басым бағыттары баяндалып отыр.
Біз Грекия төрағалығына алғысымызды білдіре отырып, оның қалыптастырып кеткен оң бағыттарына, оның ішінде ең алдымен «Корфу үдерісін» нығайтуды жалғастыратындығымызды жеткіземіз.
Болашақ Еуропа қауіпсіздігі сәулеті тұрғысында Афиныда бірқатар мемлекеттердің Ванкуверден Владивостокқа дейінгі бөлінбес қауіпсіздік туралы мәселелерді нығайтуға, оның ішінде Еуропалық қауіпсіздік келісімшарты туралы Ресей бастамасын қолдаймыз.
1999 жылы қабылданған Вена құжаты Қауіпсіздік саласындағы сенім шаралары режіміне (ҚСШ) нұқсан келтірместен бір уақытта жүзеге асуы қажет деген пікірге қосыламыз. Бірқатар ерекшелектері бар 2010 жыл Еуропадағы қарапайым қарулы күштер жөніндегі бейімделген келісімшарттың күшіне ену сәтін жақындатады деген үміттеміз.
Қазақстан жыл сайын өтетін қауіпсіздік саласындағы мәселелерге шолу жөніндегі конференцияның дайындығы барысына көңіл бөліп, сондай кездесулердің жемісті, беделді әрі нәтижелі болуы мүмкіндіктерін қарастыратын болады.
Біз ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық ұйымдармен және институттармен ықпалдастығын нығайтамыз, олардың өкілдерін пікір алмасуларға жиі шақырып отыратын боламыз.
«Созылған қақтығыстардың» шешімін табуға қолдау көрсету кез келген төрағалық басымдығы, біз де осы қйын үдеріске бар күш-жігерімізді жұмсамақпыз. Сонымен қатар біздің Ұйым адамзат қайғысына және гуманитарлық апаттарға әкеп соқтыратын осындай қақтығыстардың пайда болуының алдын алу мүмкіншіліктерін қарастыруға тырысуы керек.
Осыған байланысты қазіргі төраға ретінде үстіміздегі жылы алғашқы сапарымды Оңтүстік Кавказ елдерінен бастауды жоспарлап отырмын. Аталған қақтығысқа қатысты сіздер тарапынан болатын кез келген ақыл-кеңес, көмектеріңізге, құрметті әріптестер, алғысымды білдіремін.
Афиныда қабылданған Таратпау жөніндегі министрлік декларацияға сәйкес, әлемдік таратпау режімі көшбасшысы болып табылатын Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1540 қарары және ядролық қарусыздануға жаһандық күш саалуда ЕҚЫҰ үлесін арттыруға тырысады.
Біз есірткінің заңсыз айналымымен күрес, терроризмнің алдын алу және басқа да бүгінгі қауіп-қатерлерге қатысты жұмыстарға назар аударатын боламыз және, осыған сәйкес Афиныда қабылданған шешімді қолдаймыз.
Алдыңғы төрағалықтар тәжірибесін ескере отрырып, Қазақстан Хатшылықтың терроризмге қарсы құрылымымен тығыз қарым-қатынас орнатып, жекелеген жобаларға көмек көрсетеді және тематикалық тағылымдамаларды өткізуге қолдау көрсететін болады. Аталған бағыттағы негізгі шара ретінде Астанада терроризмнің алдын алу жөніндегі конференция өткізуді ұсынамыз. Серіктестерді оған қатысатын әріптестер деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуге шақырамыз.
Бүгінгі күні Еуропалық қауіпсіздік ұғымы құрлық шекарасынан аса, Еуразиялық кеңістікті қамтып отыр. Осыған байланысты Ауғанстанға ерекше назар аудармақпыз.
Бұл елдегі ахуалды жаһандық қауіпсіздік, терроризмге қарсы күрес, діни экстремизм және есірткі саудасы тұрғысынан қарастырмақпыз. ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар алдында ауғанстандықтарға соғыс нәтижесінде қираған елді бейбіт елге, демократиялық қағидаттары негізінде құрылған жасампаз және дербес қоғамға айналдыру тапсырмасы тұр.
ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде мен қатысатын, қаңтар айының соңына қарай Лондонда өтетін, Ауғанстанға қатысты конференция осы бағыттағы маңызды қадам болады деген үміттеміз.
Ауғанстанға біраз жылдар бойы гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқан Қазақстан, осы жылдыан бастап Ауған Үкіметінің келісіміне сәйкес мың ауғандықты азаматтық мамандықтарға оқыту жобасын жүзеге асырмақ. Астана ғаламдық дағдарыс салдарларына қарамастан осы мақсатқа 50 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Сонымен қатар Орталық Азия елдері периметрі бойынша Ауған шекарасын нығайту жобасына ортақ қолдау көрсетуге, трансшекаралық ықпалдастықты дамытуға және құқық қорғау жұмыстарын күшейтуде белсенді атсалысатын боламыз. Экономикалық-экологиялық өлшем басымдықтарына тоқталар болсақ, Қазақстан шекара бекеттерінде басқаруды тиісінше орындау мәселесін ілгерілетуді, қауіпсіз және тиімді жерүсті көлігін дамытуды ұсынған болатын. Біз барлық мүше-мемлекеттерге ғаламдық дағдарыс кезінде маңызды болып табылатын 18-ші экономикалық-экологиялық форумның тақырыбын таңдауда көрсеткен көмектері үшін барлық мүше-мемлекеттерге алғысымызды білдіргіміз келеді.
«Дағдарыс сабақтары және жаһандану кезіндегі экономикалық дамудың дағдарыстан кейінгі үлгісі» атты III Астаналық экономикалық форум аталмыш бағытта өтетін пікір алмасуларға қосымша серпін береді деген ойдамыз.
Тағы бір маңызды әрі өзекті сала - экологиялық қауіпсіздік. Болашақта ортақ әдістемелер мен саяси ерік-жігер танытатын экологиялық қауіп-қатерге қарсы әрекет ету және шолу жасаудың кешенді жүйесін құру қажет. Осы орайда Арал аймағы мәселесін шешу жұмыстары Ұйым жауапкершілігі кеңістігіндегі экологиялық мәселелерді шешу моделі бола алады деген ойдамыз.
Афиныда қабылданған министрлер шешіміне сәйкес энергетикалық қауіпсіздікті және көші-қон мәселелері жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
Адам құқықтары өлшемі Ұйым және біздің төрағалығымыз күнтәртібіндегі басты тақырып болып қала бермек. Қазақстан Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро, Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссар, БАҚ бостандығы жөніндегі өкілдің жұмыстарына қолдау көрсетуді жалғастыратын болады. Өз елінде этникааралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің оң тәжірибесіне ие бола отырып, біз ЕҚЫҰ кеңістігіндегі толеранттылық пен мәдениетаралық үнқатысу мәселелерін төрағалығымыздың басым бағыты ретінде қарастырмақпыз. Ү.ж. маусымныңа 29-30-ында Астанада өтетін толеранттылық пен кемсітпеушілік жөніндегі жоғары деңгейлі ЕҚЫҰ конференциясы әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттер ықпалдастығына және бұрын қабылданған шешімдердің жүзеге асуына ықпал етеді деген үміттеміз. Осыған байланысты, қадірлі әріптестер, Конференцияның мазмұндық және ұйымдастырушылық шараларына белсенді түрде атсалысуларыңызды сұраймын. Бұл процеске діни шыдамдылық пен кемсітпеушілік жөніндегі үш Жеке өкілдер қатыстырылатын болады. Тағы бір көкейтесті мәселе - адам саудасы, оның ішінде ұлтаралық қылмысқа айналған және жаһандық ауқымдағы балалар саудасы. Осы себепті адам құқықтарына қатысты қосымша кеңестердің бірін адам саудасымен күрес тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарастыруға арнауды ұсынамыз.
Гендерлік саясатты ілгерілету маңыздылығын ескере отырып, біз гендерлік балансты ілгерілету жөніндегі кеңес өткізіп, қоғамдық-саяси өмірде әйелдер санын ұлғайтуды және Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның мемлекеттік құрылымдардағы әйелдер санын көбейту бағдарламасына қолдау көрсетпекпіз.
Заң үстемдігі гуманитарлық өлшемдегі адам құқықтары және демократиямен тікелей байланысты ортақ міндет болып табылады. Бұл тұрғыда біз сот жүйелерінің дербестігін нығайтуға және басқада өзектілігін жоғалтпаған өшпенділік негіздегі, жылжу бостандығы және басқа да қылмыстарға мән беретін боламыз.
Жыл сайын өтетін Варшава кеңесімен қатар, біздің ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау көрсетуіміз арқасында адам құқықтары, аз ұлттар және сайлау құқықтарының сақталуына шолу жасайтын Копенгаген құжатының 20 жылдығына арналған Конференцияда маңызға ие болады. Аталмыш конференцияны өткізуге көмектесетіндігі үшін ДИАҚБ мен Данияға алғысымды білдіргім келеді.
Ағымдағы жылы 15 ЕҚЫҰ-ға мүше-елдерде президенттік және парламенттік сайлаулар өтеді. Біз ДИАҚБ және ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясын үйлестіру жұмыстарын жүргізуге және бақылау үдерістерінде әділдік пен конструктивтілікті қамтамасыз етуге шақырамыз.
ЕҚЫҰ жұмысында адам өлшеміне маңыз бере отырып, біз бұл үдеріске және ең алдымен өз елімізге берілгендігімізді көрсеткіміз келеді. Қазақстанның бұдан кейінгі демократияландырудағы қадамдары толығымен төрағалық шеңберінде алға қойған мақсаттарымен үйлесім тауып отыратын болады.
Құрметті әріптестер!
Жоғарыда айтылғандардың бәрі Қазақстан үшін Ұйым алдындағы жиі жиі қайталанып тұратын мәселелерді шешудегі бұдан бұрынғы ЕҚЫҰ-дағы төрағалардың табиғи әрі жауапты еңбектерінің жалғасы болып есептеледі. Сонымен қатар Президент Н. Назарбаев атап өткендей, бүгінгі күні ЕҚЫҰ алдында тұрған маңызды тапсырма 2010 жылы ұйымның Саммитін өткізу болып табылады. Саммитке қатысты нақты ұсыныстар Афиныдағы СІМК құжаттарында белгіленді. Бұл қатысушы елдерге мазмұндық тұрғыда Саммиттің күнтәртібін құруға және оны өткізуді ұйымдастыру жұмыстарына кірісуге мүмкіндік бермек. Осы орайда, құрметті әріптестер, Бас хатшы, ЕҚЫҰ хатшылығы, барлығыңызды, барлық серіктестермен келісе отырып, бәріне тиімді уақытта және консенсус негізінде Саммиттің субстантивті күнтәртібін келісу үдерістерін бастауға шақырғым келеді. Біз бұның оңай емес екендігін жақсы түсінеміз. Бірақ Ұлы Фрэнсис Бэкон айтқандай, «Биік мұнараға айналмалы сатымен ғана көтерілесің»
Қазақстан біздің алдымыздағы грекиялық төрағалық бастап кеткен дәстүрді жалғастыра отырып, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерін ағымдағы жылы Алматыда өтетін бейресми кездесуге шақырады. Ол жерде теңіз деңгейінен үш мың метр биіктіктегі Алатау тауында және альпі шалғындары арасында Корфудегідей ЕҚЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмаса отырып, тіпті, Саммит күнтәртібі мен оның өтетін мерзімі жөнінде ортақ шешімге келу мүмкіндігіне ие болар едік. Бұндай шараға дайындық жұмыстарына түсіністікпен және ынтамен қарауларыңызды сұрар едім.
Ханымдар мен мырзалар!
2009 жыл бойы жұмсаған күш-жігері үшін грекиялық әріптестерімізге алғысымызды білдіргім келеді. Қазіргі төраға ретінде 2010 жылы Үштік форматында Грекия және Литвамен тығыз қарым қатынаста болатынымызға сенемін.
Сонымен қатар өзім тағайындаған жеке және арнайы өкілдердің көмектеріне арқа сүйеймін. Олар өкіл болып табылатын елдердің ауқымы атқарар жұмыстарымыздың әділ бейтараптығын қамтамасыз етеді деп ойлаймын.
Бас хатшы, қатысушы-елдердің тұрақты өкілдері, ЕҚЫҰ хатшылығы мен институттары сіздердің барлығыңыздың қолдауларыңызды төрағалық сәттілігі және Ұйым жұмысының тиімділігінің негізгі факторы ретінде қарастырамын. Осы мақсатта біз ЕҚЫҰ-ның консенсустық ұсыныстар әзірлейтін Жұмыс тобын құру мүмкіндігін қоса алғанда ЕҚЫҰ-ның құқықтық мәртебесін нығайту жолдарын қарастыруды жалғастыратын боламыз. Қазақстандық төрағалық жергілікті жерлердегі ЕҚЫҰ миссияларының жұмыстарын маңызды деп есептейді. Аталмыш елдердегі билік өтініштеріне сәйкес ЕҚЫҰ-ның далалық миссиялары зор қолдау көрсете алатындығына сеніміміз мол.
Парламенттік өлшемге өз алдына жеке көңіл бөлмекпіз. Қазақстан Парламенттік Ассамблеясы басшылығы және Президенті Ж. Соарешпен арадағы түсіністік пен өзара ықпалдастық атмосферасына қанағаттанарлық сезімін білдіреді. Үстіміздегі жылы мамырдың 13-14-інде Алматыда ЕҚЫҰ Трансазиаттық форумы өтеді. Оның күнтәртібі ЕҚЫҰ азиялық өлшеміне деген біздің ынтамызды және осы бағыттағы жекелеген шараларға қолдау көрсететіндігімізді дәлелдемек.
Осы жылдың жазында Түркияда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің үшінші саммиті өтеді. АӨСШК бақылаушылары болып табылатын ЕҚЫҰ-ның азиялық серіктестері және сонымен қатар, «Үштік», Бас хатшы, Праламенттік Ассамблея төрағасының Саммитке қатысуы еуразиялық кеңістіктегі ЕҚЫҰ мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты нығайта түспек.
Жоғары мәртебелі ханымдар мен мырзалар,
Жыл сайын ұйым бюджетінің қабылдануының кешіктірілуі өкінішке орай қалыптасқан тәжірибеге айналды. Бұл Ұйым жұмысы және беделіне теріс ықпал етуде. Алайда бүгін, мен барлық қатысушы - мемлекеттерге соңғы жылдар ішінде бірінші рет уақтылы қабылданған 2010 жылға арналған бюджетті талқылауда жауапкершілік танытқандарыңызға алғысымды білдіргім келеді. Бұны төрағалығымыз басының жақсылық нышанына жорығым келеді. Құдай қаласа, сол жақсылық 2010 жыл біздің ортақ жұмысымызбен қатарласа жүреді деп тілеймін.
Қазақстан өз төрағалары басымдықтарына сәйкес ЕҚЫҰ үштігіне қатысты бюджеттен тыс жобаларды қаржыландыруға 1 млн еуро көлемінде қаржы бөлуді жоспарлауда.
Қорытындылай келе Хельсинкі актісіне қол қойылған күннен бастап 35 жыл ішінде біздің Ұйым бірегей тәжірибе жинақтап, теңдесі жоқ жан-жақты қамтылған, тұтас ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне қол жеткізді. Алайда, біздің Елбасымыз айтып кеткендей, «ЕҚЫҰ-ның тарихи оң ресурстары шектеулі» Сол үшін, жаңа қауіп-қатерлер кезеңінде Ұйым қажеттілігін, беделін және тиімділігін арттыру біздің ортақ міндетіміз болып табылады.
Осындай биік мақсатты басшылыққа ала отырып және ЕҚЫҰ-ның негізгі құндылықтарымен қағидаттарын бұлжытпай ұстана отырып, Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының қауіпсіздігі мен гүлденуі үшін төраға ретінде Қазақстан өз жұмысында олардың мүдделерін ескеретін болады.
Назарларыңызға рахмет!