ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары «100 қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының жаңашылдық тәсілін жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вена қаласындағы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінде 16 шілдеде өткен Тұрақты кеңестің кезекті отырысында ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі жоғары комиссары Астрид Торс өзінің қызметі туралы жыл сайынғы баяндамасын жасады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

А. Торс Қазақстанның құқығын сақтау және азшылық ұлттардың дамуы, этникалық, діни және мәдени әралуандылықды қолдау қағидаларының негізіне сүйенген көпэтникалық және көпконфессиялық мемлекет құру үдерісіндегі жетістіктеріне жоғары баға берді.

Ол өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық сессиясына қатысқаны туралы хабарлап, Ассамблея институтының бірегейлігін және оның этносаралық тұрақтылықты сақтаудағы ерекше рөлін атап өтті.

Жоғарғы комиссар ұқсастық және бірлік саласындағы мәселелерді шешудегі Қазақстан халқы Ассамблеясы институтына үлкен рөл берілетін стратегиялық «100 қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының новаторлық тәсілін, сондай-ақ оның этносаралық және дінаралық келісімді, төзімділік және адами құндылықтарды ілгерілетуді қамтитынын атап өтті.

А. Торс, сонымен қатар, Қазақстанда қолға алынып жатқан білім саласындағы реформаларды құптап, ҚР Үкіметі үштілдік бағдарламасын жүзеге асырып, азшылық ұлттар өкілдерінің тілінде білім беретін мектептерге қолдау көрсететінін айтты.

Соңғы жаңалықтар