ЕҚЫҰ Беларус журналисі Олег Бебениннің өлімі себептеріне сараптама жасады
ВЕНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Сейсенбі күні ЕҚЫҰ криминалистері беларустың оппозициялық журналисі Олег Бебениннің қайғылы өліміне қатысты сараптама жұмыстарының нәтижелерін жария етті.
Журналистің денесі үстіміздегі жылдың қыркүйек айының бас кезінде Минск қаласынан 20 шақырым жерде табылған еді, деп хабарлайды Ұйымның баспасөз қызметі.
Тәжірибелі скандинавтық криминалистерден құралған ЕҚЫҰ сарапшылар тобының қызметі қатаң түрде мандат шеңберінде және беларустық тараптың тергеу материалдарына тәуелсіз техникалық сараптама жасау туралы сұранысына сай жүзеге асырылды.
ЕҚЫҰ сот-медициналық сарапшыларының жұмыс нәтижелерінің қорытындысы туралы Ұйымның ресми сайтынан (http://www.osce.org/item/47768.html ) табуға болады.