ЕҚЫҰ-да Қазақстан балаларының суреттер конкурсы өтуде
ҚазАқпаратқа бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.
Көрме ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларының аралығында республиканың орта мектептері мен ұлттық мектептерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының балалар ұжымдары мен қосалқа білім беруші ұйымдардың оқушыларының арасында өткен республикалық конкурстың қорытындысы бойынша құрылып отыр. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының аясында өтіп отырған крнкурсқа 6 мен 14 жастың аралығындағы балалар атсалысты. Ал Венадағы экспозицияға отыз шақты туынды іріктеп алынды.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі, Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілдігі, ЕҚЫҰ Хатшылығы ұйымдастырып отырған суреттер көрмесі Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орайластырылып отыр.