ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалығы арқылы қатысушы елдердің саяси ықтияры жүзеге асты - Н.Зарудна

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалығы арқылы қатысушы елдердің саяси ықтияры жүзеге асты. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы Наталия Зарудна осылай мәлім етті.
None
None

«ЕҚЫҰ-да Хельсинки қорытынды актісінің 40 жылдығын атап өту кезінде, барлығы қандай жетістіктерге қолжеткізілгені жайында және қандай сын-қатерлер шешімін таппағандығы тұрғысында ойланды. ЕҚЫҰ сенім шараларын қалыптастырды, сондай-ақ түрлі мүдделермен саяси күш-жігерді құруға, саяси дилемманы шешуге көмектесті. Бұл қиын жұмыс болғанымен, компромисстерді табу қажет болды. Атап айтқанда, дәстүрлі қару-жарақ түрлерін қадағалау, әскери сенімді құру, сондай-ақ қауіпсіздікті қалыптастыру салаларында елеулі ілгерілеушілік болды. Осыған байланысты Астана декларациясы дер кезінде қабылданды және ол қауіпсіздік анықтамасын қайта қарастыру қажеттігіне негізделді. Бұл өз кезегінде Қазақстан төрағалығы арқылы жүзеге асырылған қатысушы елдердің өнімі, саяси ықтияры болды»,-деді Н. Зарудна Астанадағы «Хельсинки қорытынды актісінің (1975) жəне Астанадағы Саммиттің (2010) мерейтойына арналған ЕҚЫҰ жетістіктері мен қатерлері» атты халықаралық конференцияда.

Соңғы жаңалықтар