ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы сайлауды бақылау миссиясының жұмысын бастады

Аталған шараға орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында миссия елшісі Борис Фрлек миссия Астанадағы он бір сарапшыдан тұратын негізгі топтан, сонымен қатар 23 ақпаннан бастап 2 адамнан тұратын командамен елдің барлық аймақтарында жұмыс істейтін 28 ұзақ мерзімді бақылаушыдан жасақталатындығын атап өтті. Жалпы, бұл миссиядан еліміздегі сайлауды 400 байқаушы қадағалайтын болады.
«Бұл миссия сайлауды ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың міндеттемелеріне және демократиялық сайлау стандарттары мен ұлттық заңнамаға сәйкестігін байқайтын болады. Байқаушылар кандидаттар мен электоратты тіркеуді, сайлау комиссиясы мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, сонымен бірге сайлау өткізу жөніндегі заңнаманы, оның орындалуын қадағалайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, миссия сайлаудан кейінгі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, оның алғашқы қорытындылары туралы мәлімдеме жасайтын болады. Ал ДИАҚБ миссиясы аяқталғаннан кейін шамамен сегіз аптаның ішінде барлық электоралды үрдістерге бақылау жүргізу жөнінде қорытынды баяндама жасайды.