ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстанға сайлау заңнамасын жетілдіруге алдағы уақытта да көмектесуге дайын - Б.Фрлец (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов парламенттік сайлауды бақылау бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Борис Фрлецпен кездесу өткізді.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстанға сайлау заңнамасын жетілдіруге алдағы уақытта да көмектесуге дайын - Б.Фрлец (ФОТО)

Кездесуде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Миссияға атқарған жұмысына алғыс айтты.

Б. Фрлец өз кезегінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясын шақырғанға, Қазақстандағы оның жұмысына жәрдемдескеніне ризашылығын білдірді. Миссия басшысы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ алдағы уақытта да Қазақстанға сайлау заңнамасын жетілдіруге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Е. Ыдырысов дауыс беру нәтижесі қазақстандық сайлаушылардың мемлекет алған тұрақты даму бағытын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті. Министр Б. Фрлецке адами капиталға инвестиция құю саясатының, Қазақстанда жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құру және бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру туралы баяндады.

Кездесу соңында ЕҚЫҰ және оның институттарымен ынтымақтастықты ары қарай нығайту келісіміне қол жеткізілді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
null