ЕҚЫҰ экономикалық-экологиялық форумының қорытынды бөлігінің күн тәртібі көлік ведомствосында талқыланды

әуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылғы сәуірдің 29-да ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен ЕҚЫҰ-да Қазақстанның төрағалығы мәселесі бойынша Мемлекеттік комиссияның экономикалық-экологиялық жұмыс тобының үшінші кеңесі өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық кезеңінде көлік ведомствосы аталған ұйымның экономика-экологиялық өлшеміне басшылық етеді. Экономика-экологиялық жұмыс тобының құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы министрлігі, қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті және Аралды құтқару халықаралық қор атқарушы комитеті өкілдері енеді.

Қазіргі күні ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ЕҚЫҰ мен ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп үш кездесу өткізді: 2009 жылғы 12-13 қазанда Астанада Бірінші дайындық конференциясы, 2010 жылғы 1-2 ақпанда Венада - форумның бірінші бөлігі және 2010 жылғы 15-16 наурызда Минскіде - Екінші дайындық конференциясы. Бұл кеңеске 2010 жылғы 24-26 мамырда Прагада өтетін 18-ші экономикалық-экологиялық форумның қорытынды бөлігіне дайындық мәселесі себеп болды.

Бірінші бөліктің барысында негізгі назар автомобиль көлігі мәселелеріне аударылды. Осыған байланысты транзиттік тасымалды дамыту, жаңа технологияларды қолдану, сонымен бірге шекараны өту барысында шекараны басқару және техникалық қауіпсіздік тәуекелдерін жақсарту, кеден және шекаралық қызметтердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ноу-хау, сонымен қатар Ауғанстанмен шекарада өту пункттерінде қауіпсіздікті күшейту мен сауда қызметіне қолдау көрсету және жүк тасымалын жүзеге асырудың қауіпсіздік сипаттары мәселелері белсенді түрде талқыланды.

Екінші бөліктің басым мәселелері теміржол көлігі қатынасын дамыту болып белгіленді. Екінші дайындық конференциясы теміржол көлігіне жәрдемдесу, жерүсті көлігіне, көліктік жүйе мен инфрақұрылым, қауіпті жүкті тасымалдау логистикасы мен тасымалдау технологиясындағы тұрақты экологиялық балама қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікірталасқа негіз болды.

Алдағы уақытта Прагада болатын іс-шарада Азия мен Еуропа арасындағы тасымалдың одан әрі тиімді және қауіпсіз дамуын, халықаралық тасымал мен шекараны өту бекеттерінде тиісті басқаруды одан әрі дамыту, көлікке Орталық Азия мен Ауғанстанмен қауіпсіздікке қолдау көрсету, тасымалдың қоршаған ортаға және қауіпсіздікке әсерін, көліктік қауіпсіздіктің өзгешелік аспекттерін талқылау жоспарлануда.

Жалпы, 18-Форумның екінші қорытынды бөлігі автомобиль және теміржол көлігінің мәселелерінің басын қосады. Сонымен қатар, бесінші сессия экология тақырыбына арналады, яғни қоршаған ортаға тасымалдың экологиялық сипаттары қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар