ЕҚЫҰ халықаралық лаңкестікпен күресе алады - Норвегияның Сыртқы істер министрі

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы халықаралық лаңкестікпен күресу жолында өзінің салмақты үлесін қоса алады.

ЕҚЫҰ халықаралық лаңкестікпен күресе алады - Норвегияның Сыртқы істер министрі

Бүгін Астанада басталған ЕҚЫҰ Саммитінің ресми мәжілісінде Норвегияның Сыртқы істер министрі Йонас Гар Стере осындай пікір білдірді.

«Бұдан басқа, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ауғанстан еліне нақты көмек бере алады. Осы орайда ұйымның құқық қорғау саласындағы реформалары, шекара қауіпсіздігі мен заңсыз есірткі саудасымен күрес бағдарламалары өз нәтижесін беруі тиіс. Сондай-ақ біз қару-жарақ мәселесін бақылауда ұстауымыз қажет», - дейді Йонас Гар Стере.

Норвегияның Сыртқы істер министрі Йонас Гар Стере атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ әлемдегі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ең ірі ұйым болып табылады. Ол әскери күштің негізінде емес, елдер мен халықтар арасындағы сенімді күшейту арқылы жұмыс істеп келеді.