ЕҚЫҰ Қазақстанда өткен президент сайлауына баға берді

Миссия басшысының мәлімдеуінше, Қазақстанда президент сайлауы тиімді ұйымдастырылды.
Алайда, сайлауда шынайы плюрализмді қамтамасыз ету үшін реформаны одан әрі жалғастыру қажет.
Сондай-ақ ЕҚЫҰ бюросының демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссия мәлімдемесінде сайлау барысы жайлы ақпараттар БАҚ-та кеңінен жарияланғаны айтылды.
«Орталық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық процесін тиімді басқарып отырды және қарамағындағы жергілікті сайлау комиссияларын жан-жақты оқытуды қамтамасыз етті», - деді Уршула Гацек елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Миссияның бағалауынша, сайлау тыныш жағдайда өтті. Дауыс беру кезінде тиісті процедуралар сақталды.
Миссия мүшелері 1 131 учаскеде дауыс беру процесін бақылаған, соның 95%-на оң бағасын берді.
Одан бөлек, У. Гацектің айтуынша, сайлау барысын миссия атынан еліміздің әр өңірінде 300-ге жуық байқаушы қадағалады.