ЕҚЫҰ кеңістігінде ислам мен демократияның үйлесімді екендігін, бір ортада, кез келген мемлекетте, жаһанның кез келген нүктесінде қатар өмір сүре алатынын түсінуіміз керек- Михаил Дәуенов

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -ЕҚЫҰ кеңістігінде ислам мен демократияның үйлесімді екендігін, бір ортада, кез келген мемлекетте, жаһанның кез келген нүктесінде қатар өмір сүре алатынын түсінуіміз керек.

ЕҚЫҰ кеңістігінде ислам мен демократияның үйлесімді екендігін, бір ортада, кез келген мемлекетте, жаһанның кез келген нүктесінде қатар өмір сүре алатынын түсінуіміз керек- Михаил Дәуенов

Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясы барысында «Құқықтық Қазақстан үшін» қоғамдық бірлестігі азаматтық қозғалысының төрағасы Михаил Дәуенов осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда әлемдегі миграция уақыты Еуропа мен Азиядағы саяси және түбегейлі өзгерістер арқылы анықталады. Социалистік «тақырыптың» ыдырауынан кейін, одақ көлеміндегі көптеген мемлекеттер белгілі бір экономикалық құлдырауға ұшырады. Соның салдарынан адамдар өмірлік қажеттіліктерін басқа елдердің аумағынан іздеуге кірісті. Ал бұндай мемлекеттер Ресей, Қазақстан мен Еуропа елдері болып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні осы мәселедегі басты проблема аталған аумақта тұрып жатқан мигранттардың тең құқылығына қатысты туындайтыны рас», -деді бірлестік төрағасы. Оның айтуынша, бүгінгі күні әрбір мемлекет мигранттарға қатысты мәселені өзінің ерекше заңнамалық нормативтері, Конституциясында қамтылған нормалары, экономикалық жағдайы және осы бағытта ұстанған саясаты арқылы реттеп отыр. Алайда, М. Дәуеновтың айтуына қарағанда, Қазақстандағы мигранттар мәселесі соншалықты күрделі болған емес. «Өйткені, біріншіден Қазақстан мұсылман мемлекеті болғандықтан мигранттардың негізін де мұсылмандар құрады. Оның үстіне бұнда жағдайдағы мұсылмандардың негізгі бөлігі кеңес одағы тұсында бізбен қандас, бауырлас болған мемлекеттерден еді. Екіншіден, Қазақстан өз аумағы арқылы Ресей мен Еуропаға миграция ағынын транзиттік өткізуді жүзеге асыруда. Қазақстан осы арнаны ашты әрі бұл арна кедергісіз жұмыс істеуде. Бұл тұрғыдан бізге тағар кінә да болмауы керек. Алайда, Ресей мен басқа да Еуропа елдері миграциялық ағыннан тек экономикалық сипаттағы мәселелерге ұрынып қойған жоқ, әлеуметтік проблемалары ушығып кетті. Сонымен қатар, бұл елдердің азаматтық қоғамы мұсылман мигранттарын қабылдай алмай отыр. Олар тілі, діні, мәдениеті бойынша қабылданбай келеді. Яғни, бұл мемлекеттерде мұсылман топтарының жер шарының басқа да адамдары ретінде өмір сүретін ұяшықтары қалыптаспаған. Алайда, халықаралық нормаға сәйкес, әрбір мигрант әлемнің кез келген нүктесінде өмір сүруге, көшуге және сол елдің заңнамасында қамтылған құқықтарды иеленуге құқылы болуы шарт», деді бірлестік төрағасы. Оның айтуынша, Шолу конференциясының негізінде мигранттарқа қатысты басты проблемалар шешімін табуы керек. «Бұл ретте ЕҚЫҰ назарын азиялық кеңістікке аудару қажет. Біз мұсылмандық пен демократияның үйлесімді екендігін, осы екі мәселенің бір ортада, кез келген мемлекетте, жаһанның кез келген нүктесінде қатар өмір сүре алатынын өзара түсінуіміз керек», деді ол.