ЕҚЫҰ кеңістігінде және Ұйымның Жерорта теңізінің әріптестігі аймағында толеранттылық құндылықтарын дамыту тақырыбында семинар өтеді

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Маусымның 30-ында Астанада ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі бойынша әріптестерімен ынтымақтастық жөніндегі топ шеңберінде толеранттылық жөнінде қосымша семинар өтеді. Бүгін бұл туралы журналистермен болған брифингте ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,

ЕҚЫҰ кеңістігінде және Ұйымның Жерорта теңізінің әріптестігі аймағында толеранттылық құндылықтарын дамыту тақырыбында семинар өтеді

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Аталған семинар Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ «үштігінің» мүшесі әрі ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі бойынша әріптестерімен ынтымақтастығы жөніндегі топтың төрағасы ретінде өткізетін алғашқы іс-шарасы болып табылады. Семинар толеранттылық құндылықтарын дамытуға, сондай-ақ ЕҚЫҰ кеңістігінде және Ұйымның Жерорта теңізінің әріптестігі аймағында осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған», деді Е.Ашықбаев.

 ЕҚЫҰ-ның Жерорта теңізі бойынша әріптестерімен қарым-қатынас тобына, 56 ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттен басқа Алжир, Мысыр, Израил, Иордания, Марокко және Тунис кіреді. Семинарға Жерорта теңізі бойынша әріптестер, Палестина, ЕҚЫҰ «үштігі», Бас хатшы өкілдерінің және Ұйым институттары басшылары, Жерорта теңізі бойынша әріптестер тобы төрағасының өкілі және басқа меймандар қатысады. Қазақстан тарапынан семинарға ҚР СІМ-нің басшылығы, қоғамдық алқа сарапшылары және БАҚ өкілдері қатысады.