19:45, 30 Маусым 2010 | GMT +5
ЕҚЫҰ конференциясына қатысушылар Төзімділік және кемсітпеушілік бойынша Астана декларациясын қабылдады
СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ЕҚЫҰ-ның Жоғары деңгейдегі конференциясында делегаттар «ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі Астана декларациясын» қабылдады.

«Аталған конференцияның қорытындысы бойынша «ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі Астана декларациясын» қабылдадық. Онда біз нәсілшілдік, ксенофобия, кемсітушілік және төзбеушілікке жол бермеуге бағытталған тиімді шараларды орындау мен даярлау мақсатында қатысушы елдерді ЕҚЫҰ міндеттерін орындауға шақырамыз»,- деді ҚР СІМ басшысы Қ. Саудабаев.
Осы тұрғыда Мемлекеттік хатшы бұл бастамаларды заңнама, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, білім беру сапасын жетілдіру және басқа да қажетті амалдар аясында алға жылжыту керектігін атап өтті.