ЕҚЫҰ Қырғызстанда парламентаризм мәселелері бойынша семинар ұйымдастыруды ұсынды
БІШКЕК. 7 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы үшінші комитетінің төрағасы Валбурга Дуглас ханыммен кездесті.
Қырғызстан басшысы елдегі қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ Қырғызстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.
В.Дуглас ханым Қырғыз Республикасы мен Швеция парламентшілерінің арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға көмектесуге әзір екенін жеткізді.
Ал ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі орталығының басшысы Эндрю Тесорьер Еуропа елдері өкілдерінің ұйымдастыруымен Қырғызстанда парламентаризм мәсеселері бойынша семинар ұйымдастыруды ұсынды.