ЕҚЫҰ мемлекеттерінде демократиялық институттарды дамыту жөніндегі Шолу конференциясы: күн тәртібінде сайлау тақырыбы
Және бұл кездейсоқ емес. Соңғы жиырма жылда ЕҚЫҰ қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі тірегі ретінде демократиялық сайлауды дамытуға үлкен назар аударып келеді. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы қатысушы мемлекеттерге сайлаумен байланысты міндеттемелерді орындауларына, сол елдердің ұлттық заңнамаларының шегінде бақылау жолымен қолдау көрсетіп келеді. Бюро сондай-ақ, байқаулардың нәтижелері бойынша берілетін ұсыныс-кеңестерді орындауда да көмек көрсетеді.
Варшавада өткен жарыссөз барысында Ұйымға қатысушы мемлекеттердегі сайлау үдерістерін ЕҚЫҰ аясындағы демократиялық сайлау өткізудің міндеттемелеріне толық сәйкестігіне келтірудегі оң жетістіктер, 1999 жылғы Копенгаген құжатының сайлауға қатысты ережелеріне сәйкессіздік фактілерінің де жоқ емес екені атап көрсетілді.
Жиынға қатысушылар сондай-ақ, Астана саммитінің күн тәртібіне сайлау үдерісіндегі ең өзекті деген мәселелерді қосу керектігін айта келе, осынау жоғары форумның сайлау ісінің жағдайын жақсартуға серпін бере алатындығына үміт білдірді. Және оған негіз де жоқ емес, Литва өкілі өз сөзінде атап көрсеткендей, Қазақстанның оң нәтижелі іс-шаралар өткізуде тәжірибесі мол. Литва өкілі сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен демократиялық сайлауды жетілдіру мәселелеріне арналған конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Үкіметіне Еуроодақтың атынан алғыс білдірді.