ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси бағыттағы халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда Қазақстан белсенді атсалысып келед - ҚР СІМ

анның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазанның 25-і мен 30-ы аралығында «1999 жылы Венадағы сенім және қауіпсіздік шаралары жөніндегі келісім құжаты» аясында еліміздің десанттық-шабуыл бригадаларының іс-қимыл және авиабазаларын көрсету шаралары өтеді.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси бағыттағы халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда Қазақстан белсенді атсалысып келед - ҚР СІМ

Бұл туралы бүгін  дәстүрлі апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер және серіктес елдердің, Ұйым хатшылығының, НАТО верификациялық комитеті, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі хатшылығы өкілдері қатысады.

«Ағымдағы жылы еліміздің Қарулы Күштері өкілдері Австрия, Норвегия, Чехия және ГФР-да өткен осындай шараларға қатысқан болатын. Ұйымға мүше болып кіргеннен бастап ЕҚЫҰ-ның әскери- саяси бағытындағы халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда Қазақстан белсенді атсалысып келеді»,-деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, аталған шара ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында еліміздің қарусыздану және Ұйым жауапкершілігі кеңістігіндегі сенім мен қауіпсіздік шараларына қосып отырған үлесінің айғағы.