ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясына арналған конференция өтуде

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат -  Парламент Сенатының депутаты ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілік және кемсітушілікпен күрес жөніндегі Жеке өкілі, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі, сенатор Әділ Ахметов Алматыда өткен «ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы: қауіпсіздік қоғамдастығына қадам» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Шараға қатысушылар алдында сөз алған Ә.Ахметов ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің толеранттық пен діни бостандықты ілгерілету жөніндегі міндеттемелеріне назар аударды. Сонымен қатар, ЕҚЫҰ арнаулы өкілі ЕҚЫҰ кеңістігіндегі кемсітушілік пен төзбеушілікті болдырмау жөніндегі күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар